«Жібек» қыз-келіншектер клубы мастер-класс ұйымдастырды

«Нұр Астана» мешітінде «Жібек» қыз-келіншектер клубы әйел жамағатына «Дене және бет күтімі» жайында мастер-класс өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. Діни сауат ашу курстарына келетін әйел шәкірттердің басын қосып, түрлі шараларға  ұйытқы болып жүрген «Жібек» қыз-келіншектер клубы бұл жолы әйел адамның өзін күтінуі жайында мастер-класс ұйымдастырды.

Мастер-классты дене және бет күтіміндегі плазмалық және аппараттық косметология маманы Айнұр Тұрсынбекқызы жүргізді. «Жібек» клубының жетекшісі, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева қонақты жамағатқа таныстыру барысында күнімізде әйел адамның жан-жақты сауатты әрі көзі ашық болуы керектігі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, өзін дұрыс күтіне білудің ана денсаулығы үшін маңызды екенін атап өтті.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін