Қостанай: Қос мекемеде кездесу өтті

Жақында Амангелді ауданыңдағы орталық «Сатыбалды ишан» мешітінің Бас имамы Жандарбек Амирхамзин осы аудандық полиция бөліміде тәртіп сақшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы - «Тәртіпке бағынған құл болмас, тәртіпсіз ұл болмас» деп аталды. Онда адамгершілік, имандылық мәселелеріне байланысты әңгіме қозғалды.

Сонымен қатар тағы бір бас қосу аудандық аурухананың дәрігерлерімен де ұйымдастырылды. Мұнда Бас имам Жандарбек Амирхамзин «Ұят – иманның бір бөлігі» деп аталатын маңызды тақырып бойынша насихат айтты.

Тақырып аясында мұсылман қызы ең алдымен өз ары мен намысын биік ұстауы қажеттілігі сөз болды. Қыз баласына жастайынан иманды жоғары қойып, өздерін жақсы жағынан көрсеткендері абзал деген мәселе қозғалды. 

Ауруханадағы бас имаммен жүздесу өте тағылымды өтті. Жиналған қыз-келіншектер көп жайды көңілдеріне түйді.

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін