Қостанайда «Қайырымдылық – ізгі іс» акциясы жалғасуда

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттерінің қатысуымен «Қайырымдылық – ізгі іс» акциясы да өз жалғасын тапты.

Бұл қайырымдылық акциясының мақсаты - көпбалалы отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қоғамымызды мейірімді болуға шақыру.

Акцияның ерекшелігі – Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев бастаған топ «Складская» атты сауда орталығына барып, кәсіпкерлермен кездесіп, осы іс-шара мақсатын түсіндірді.

Бір күндік акция нәтижесінде барлық көмегін тигізген кәсіпкерлерден құны 300 мыңға жуық тұратын азық-түлік жиналып, 7 көпбалалы отбасыға және 2 көмекке мұқтаж мүгедек жандарға, сонымен қатар 1 жалғыз басты анаға тең көлемде бөлініп, таратылды. Әр отбасы шамамен 30 мың теңгенің азық-түлігіне ие болды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін