Алматы: Алланың көркем есімдерін жатқа айтудан жарыс өтті

Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Әбу-Бәкр» мешітінде жамағаттар арасында Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан сайыс өткізілді.

«Әбу-Бәкір» мешітінің имамдары мешіт жамағаттары арасында «Алланың 99 көркем есімін жатқа айту» сайысын ұйымдастырды. Жарыста Алла есімдерінің арабша және қазақша мағыналарын айтқан жүлдегерлерге жиналған жамағат алдында, арнайы сыйлықтар табысталды.

Наурызбай ауданының Бас имамы Ахметов Мәди жиналған жамағатқа бұл сайыстың артықшылық тұстарын былайша жеткізді:

«Қасиетті Құранның Ағаф сүресінің 180-аятында «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтің «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» дегеніндей, бұлай дұға ету – үлкен сауапты істерден болып табылады. Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән».

 

 

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін