Түркістан: Кәсіпкерлерге зекет сабақтары басталды

Түркістан облысында зекет пен садақа амалдарын түсіндіру жұмыстары басталды. Бұл мақсатта арнайы кесте түзіліп, дәрістер өткізіліп жатыр. «Зекет» корпоративтік қорының өңірдегі өкілі Төлеби, Созақ, Қазығұрт аудандарында болып, жергілікті кәсіпкерлерге түсіндіру сабақтарын жүргізді. Жергілікті кәсіпкерлер палатасының басшылықтары да қызығушылық танытуда. Оларға арнайы буклеттер мен реквизиттер табысталды.

Облыстық мешіттің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен зекет пен садақа беру білімі бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде респонденттердің 90 пайызы екі сауапты амалдың аражігін ажырата алмайтын, тіпті бейхабар да боп шықты. Мұны негізге алған өкіл имам Мұсабек Ақтамберді барлық мешіттерде зекет пен садақа тақырыбында күнделікті уағыз айтылуын міндеттеді.

Зекетші Еркін Полатов игі бастаманы кәсіпкерлердің қуана қабылдағанын айтады. Әр дәріс 2-3 сағатқа созылып жатыр. Танымдық дәрістен кейін, сұрақ-жауап алысады. Бизнесмендерді мал-мүлік пен тапқан табыстың пайдасының зекеті және оны қайда беретіні көбірек мазалайды екен. Оларға Мүфтият тарапынан мобильді қосымша іске қосылғаны, барлық аудандарда зекет бөлімшелерінің жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.

 

 



© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін