Шымкент: «Әйел-қыздар» секторы екі айлық жұмыс жоспарын пысықтады

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде екі айлық жқмыс жоспарын пысықтауға арналған басқосу жиыны болып өтті.

Басқосуға Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдурахманов, қалалық Халал Даму бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев және қалалық «Әйел-қыздар» секторының мүшелері қатысты.

Басқосу аясында жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, қасиетті Рамазан айында атқарылатын негізгі жұмыстар пысықталды. Оның ішінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қыздар арасында «Құран Кәрім», «Хадис тағылымы», «Мақал-мәтел айту» және «Алла Тағаланың 99 көркем есеп-сипаттары» атты жарыс ұйымдастыру т.б.мәселелері қаралды.

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін