Қызылорда: Діни ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына діни конфессиялар мен ұйымдарды кеңінен тартып, олардың белсенділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен қимылдардың жолдарын әзірлеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» тақырыбында діни ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Б.Абуов, қала мешіттерінің имамдары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Б.Ұзақбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов және православтық шіркеу өкілі қатысқан дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы діни конфессия мен ұйымдардың алатын рөлі мен олардың қызметі талқыланып, бірлескен іс-қимылдардың жолдарын әзірлеу мәселелері пысықталды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін