Тараз: Облыстағы дін ахуалы қаралды

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде қала және аудан имамдарының мәжілісі өтті. Айтулы жиында облыстың діни ахуалына қатысты бірнеше мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Жиналыста ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Қанат Жұмағұл дін мамандарынан проблемалық мешіттердің жұмысы бойынша есеп алып, берілген тапсырмалардың орындалу тәртібін қадағалады. 

Жиында қасиетті рамазан айына дайындық, елді-мекендерді көріктендіру, мешіт аулаларына тал отырғызу, телеграм желісіндегі "Сұрақ-жауап" жұмысын жандандыру, ас мәзірі және жаназа рәсімдеріне байланысты қабылданған ережелерді халықтың сақтауын қадағалау, аудан мешіттеріне баратын жас мамандарға қолғабыс болу сынды істер жүктеліп, пікірлер қаралды.

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін