Талдықорған: Өкіл имам жастармен кездесті.

Жастар ресурстық орталығы мен Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жастарға қызмет көрсету орталығында «Жастар жылы» аясында қабылданған меморандумның жұмыс бағытына сай ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлының қатысуымен «Иман айнасы» атты кездесу өтті.

Шараның мақсаты - жастарды отансүйгіштікке, дінге, елге қызмет етуге баулу. Кездесуде адамгершілік, тәрбие, ұлттық болмыс, уақытты тиімді пайдалану, елге, дінге қызмет ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Өз кезегінде Жастар ойларын ортаға салып, ұстазымызға жан-жақты сұрақтар қойды. Жас буын өкілдері кездесуден руxани серпіліп қалғаны сөзсіз.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін