БҚО: Аудандық мәдениет үйінде форум өтті

Казталов аудандық мәдениет үйінде «Ақниет деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам мен жоғары руханиятты ел қалыптастыру жолында» атты облыстық форум болып өтті.

Форумның негізгі мақсаты: қоғамның рухани өмірін арттыру, адамгершілікке баулитын, адалдық пен əділдікті насихаттайтын, өз еліне деген сүйіспеншілікке, халықтың дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын құрметтеуге тəрбиелейтін шынайы құндылықтарды, дін атын жамылған радикалды, экстремистік жəне террористік əрекеттердің дінге ешқандай қатысы жоқ екендігін түсіндіру болып табылады. Сондықтан да біз ХХІ ғасырдың індеті саналатын діни экстремизм мен терроризмді айыптап, бұл зұлымдықпен бүкіл қоғам болып бірлесе күресуге шақырады. Зайырлы қоғамдағы дінаралық татулықтын қағидаттарын, ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлі ұстаным мен рухани құндылықтарды халыққа кеңінен түсіндіру біздің басты міндетіміз.

Шарада аудан әкімі Абат Шыныбеков сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан кейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов «Дін және зайырлы мемлекет», М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің «Қазақстан тарихы және өлкетану» ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңабек Жақсығалиев «Көне дәстүр: күнгейі мен көлеңкесі (тектілік феномені)», облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы «Дәстүрлі ислам түсінігі және кері тартпа ағымдардан айырмашылығы» тақырыптарында баяндама оқыды.

Аталмыш шараға теолог, аудандық мешіттің имам-молдалары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, мектеп директорлары мен мұғалімдері жəне дінтанушы мамандар қатысты. Тақырыптарға байланысты форум аясында қатысушылар тараптан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптарын берді.

Жиналғандарды теріс бағыттағы ағымдармен бүкіл қоғам болып бірлесе күресуге шақыра отырып, зайырлы қоғамдағы дінаралық татулықтын қағидаттарын, ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлі ұстанымды берік ұстануды насихаттады.

Облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлынан БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін