Умра қажылығының сертификаты табысталды

Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты мешіт қызметкерлері мен имамдарының кезекті жиынында «Үздік имам» байқауы жарияланған болатын.

Бас имам Думан Нәдірұлы байқаудың негізгі шарттарымен, тәртібін түсіндіріп, қорытынды жиылыста үздік имамды умра қажылығына жіберуді жоспарлаған. Жыл бойғы атқарылған істермен, имамның этикасы, ҚМДБ-ның төрт бағыт бойынша тапсырған істеріне сай болған имамды бағамдай келе, мешіттің наиб имамы Нұржан Медеуханұлына Кіші қажылықтың сертификатын табыстады. Бұл шара алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін