Ақтөбе: «Жемқорлық жарға жығады»

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері болып, мешіт қызметкерлері болашақ заңгерлермен «сыбайлас жемқорлық дерті» тақырыбында уағыз-насихатын жүргізді.

Студент-жастарға адамды жарға жығатын жемқорлық дертінің қоғамға төндіретін қауіп-қатері туралы жан-жақты мағлұмат берілді. «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен мешіт азаншысы Жарасхан Әбдісаламов жастарды күмәнді жолдан сақтандырып, сыбайлас жемқорлықпен оңай пайда табу – мұсылманшылыққа жатпайтын күнә екендігін түсіндірді.

Студенттер қосымша сауалдар қойып, дін қызметкерлері тарапынан тиянақты жауап берілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін