ШҚО: Құран жарысына іріктеу өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIIІ Республикалық жарысына» Өскемен аймағы бойынша іріктеу сайысы болып өтті. Шараға өңірге қарасты аудан, қалалардан 30-ға жауық үміткерлер қатысып, мешіт ішін Құранның қоңыр сазына бөледі.

Сайысқа өңірдің ұстаздары мен имамдары қазылық жасады. Іріктеу бәсекесіне қатысушылар 10 пара, 20 пара, 30 парадан және мәнерлеп оқудан сынға түсті. Қатысушылар қасиетті Құранда бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғандықтарын көрсетті.

Сайысты ашып сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Іріктеу сайысы Құран оқудың шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Сайысқа жастар аса ынталы қатысты. Алыс-жақын аудандардан келіп, қасиетті Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған шәкірттерімізге алғыс білдіреміз» деді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Республикалық сайысқа қатысуға сертификат және сыйлықтар берілді. Аймақтық іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге алғысын білдірген қазылар алқасы оларға алда болатын Республикалық сайысқа сәттілік тіледі. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер өкілдіктің «Алғыс хаты» берілді.

Сонымен қатар Өскемен қаласына «Қарилар даярлау орталығын» ашқан қари Ербол Құдабаев өкілдіктің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін