АҚТӨБЕЛІК ҚАРИҒА «ИЖАЗА» БЕРІЛДІ

Ислам ілімін меңгерген ақтөбелік дін мамандарының тарихы керемет жаңалықпен толықты. Ойыл ауданының перзенті Бекжан Аманкелдіұлы қари Алланың қасиетті кітабы Құранды жаттап, Шамдық ғалым Халид Хасан Рошид Даруиша атты ғалымнан Құран Кәрімнің 30 парасынан Асым қырағаты бойынша «ижаза» алды. Яғни қасиетті Құран кітабын Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткеніндей оқуға қол жеткізіп, оған ресми түрде рұқсатқа ие болды.

Діни білімін жетілдіріп, барлық қиындықты еңсеріп, жоғары дәрежеге жеткен Бекжан Аманкелдіұлын зор табысымен құттықтаймыз! Әрдайым Алланың қолдауы болып, игі қадамына нұр жаусын!

Білім мен еңбек жолы:

2002-2005 ж.ж. – Мысыр елі, «Әл-Азһар» университетінде араб тілінің дайындық курсында болған;

2006-2007 ж.ж. – Шымкент қаласы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығында Құран Кәрімді толық жаттап бітірген;

2008-2010 ж.ж. – Алматы қаласы, «Көктөбе» қарилар орталығында Құранды қайталаған;

2011-2015 ж.ж. – Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану кафедрасының бакалавры;

2014-2017 ж.ж. – Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Бәйкен» мешітінде азаншы қызметі;

2015-2017 ж.ж. – Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану кафедрасының магистрі;

2018 жылдың шілде айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында орналасқан «Дәру Әс-Салам» атты Құран уақф орталығында 10 қырағат меңгерген Холид Хасан Рошид Даруиша атты Шамдық ғалымның алдында Құран тапсырып, «Имам Асым» қырағаты бойынша «Ижаза» алды.

2 қыз, 1 ұлдың әкесі.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін