Шымкент: «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» жобасы жүзеге асырылуда

Өкілдіке қарасты жергілікті ақпараттық-насихат тобының ЖАНТ мүшесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» жобасы аясында дәстүрлі кешкі уағызды жүргізді.

Дәстүрлі кешкі уағызды белгілі имам, ЖАНТ мүшесі, дінтанушы-ұстаз Ақтөре Тұрапбай жүргізді.

Жоба аясында уағызды мешіт жанында ашылған «Мүмтаз» халал асханасында ұйымдастырылды. Дастархан барысында уағыз айтылып, Пайғамбарымыздың сүннеті амал ету, түрлі кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмау сынды өзекті тақырыптарды қозғалды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Осы орайда, жобаның ерекше дамытып, үлгі көрсетіп жүрген аудандық мешіттің имамы Бақдаулет  Нұрматұлы екенін айта кеткен жөн. 

 

 

 

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін