Бас имамдардың алқа отырысы болды

Алматы қаласының Бас имамының бастауымен «2018 жылғы Алматы қаласында ислам дінінің дамуы және діни тұрақтылықты сақтау шаралары» атты алқа отырысы өтті. Алқа отырысына Алматы қаласы Дін істері басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлы және шаһардағы барлық мешіттердің бас имамдары қатысты. 

Өкіл имам өз баяндамасында ауқымды әрі негізгі жеті бағытқа көңіл бөліп, аталмыш бастамалар аясында жұмыс жасалатындығын мәлімдеді. Жиында әкімшілік - ұйымдастырушылық, кадр мәселесі және қоғамдық шаралар арқылы діни экстремизмнің алдын алу, жамағаттың діни сауатын арттыру, БАҚ-пен жұмыс, қайырымдылық шараларды жандандыру, жат ағым өкілдерімен жұмысты күшейту және жамағатпен байланысты нығайту жөнінде сөз қозғалды.

Алматы қаласы Дін істері басқарма басшысы Айдар Рахымжанұлы қала имамдарынан «Бекет ата» мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбеков, «Байкен» мешітінің бас имамы Махамбет Құлмұхаммед осы мәселелер аясында баяндама жасады. Баяндамашылар мешіттердегі түйткілді мәселелерге тоқталып, оны шешу жолдарымен бөлісті. Орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Дулатбаев қала мешіттерінен келіп түскен ұсыныстарды ортаға салып, талқылады.  

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін