Қызылордада VІII республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Белкөл кентінде орналасқан «Қалмұхаммед Ишан» мешітінде VІII республикалық Құран байқауына үміткерлерді іріктеу бойынша облыстық Құран жарысы өтті.

Құран Кәрімді ұлықтау мақсатында өткізілген дүбірлі доданың ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы бәйгеде бақ сынауға келген қатысушыларға сәттілік тілеп, ата-аналарына алғыс білдірді. Сонымен қатар, жарыс демеушісі Мұрат Нұрсейітов мырзаны алғыс хатпен марапаттады.

Іріктеу сайысында төрелік еткен Өкіл имам Болатбек Абуов, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушылары, PhD доктор Мұхаммед Абдулхамид Хаттаб және МадиҺ Абдулла, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы, қари Мұқан Абжалелов, Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ата» мешітінің Бас имамы Дастан Құрманбаевтардан құралған қазылар алқасының бағалауы бойынша 50-ден астам үміткер қарилардың ішінен жүйрік деп танылғандары:

«Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Айдаров Әбдіқадір (200000 тг)

ІІ-орын Азизов Абдухалиқ (100000 тг)

ІІІ орын Саурбеков Очилиддин (70000 тг)

«Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Абдулазимов Ниматулла (150000 тг)

ІІ-орын Әшімжан Самат (75000 тг)

ІІІ-орын Қошқаров Мустафа (50000 тг)

«Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу» номинациясы бойынша

І-орын Сержанұлы Исламнұр (100000 тг)

ІІ-орын Жүнісов Азамат (50000 тг)

ІІІ-орын Сәндібек Ғазиз (30000 тг)

«Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша

І-орын Садуов Шыңғысхан (70000 тг)

ІІ-орын Нугуман Ералы (40000 тг)

ІІІ-орын Ермек Ахмет (20000 тг)

І-орын иегерлері Ә.Айдаров, Н.Абдулазимов, И.Сержанұлы, Ш.Садуов VІII республикалық Құран байқауына жолдама алды. Орын алмаған қатысушыларды ынталандыру мақсатында алғыс хаттар мен 3000 тг қаржылай сыйақылар табысталды.

Аталмыш жарыстың құрметті қонақтары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушылары, PhD доктор Мұхаммед Абдулхамид Хаттаб, МадиҺ Абдулла, Сейдмұхаммед Абдунаим және «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының директоры Амангелді Еренғайыпұлы қатысушылардың деңгейін жоғары бағалап, баршаға ризашылықтарын білдірді.

Сонымен қатар, Мұрат қажы Тоқпанұлы Марал Ишан бабаның рухына бағыштап өткізілген құран бәйгесінің қатысушылары мен қонақтарына ас беріп, мешіт ақсақалдары мен имамдарға қазақы дәстүрмен шапан жапты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін