Талдықорған: Мұқтаждың хақысы өтелді

 

Кеше, 15-сәуірде, шарапаты мол Шағбан айында ҚМДБ "Зекет" қорының Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Талдықорған қаласындағы "Саванна" мейрамханасы зекет ретінде 40 жанұяға азық-түлік үлестірді. Аталмыш шара Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының жылы лебізімен басталып, орталық "Иман" мешітінің ауласында ұйымдастырылды. Осылайша, Алланың нығметіне бөленген кәсіпкер әпкеміз зекетін беру арқылы мойындағы парызын, мұқтаж жандардың хақысын өтеумен қатар, "Зекет" қорының дамуына да үлес қосты.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін