Наиб мүфти «Шымкент» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты (ФОТО)

 

Шырайлы Шымкент қаласына ресми сапармен келген наиб мүфти Алау қажы Шайқымұлы және Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры бастаған делегация «Шымкент» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, медресе ұстаздары мен шәкірттерімен кездесті.

Кездесуге Нұр-Мүбәрак универсиетінің проректоры, исламтанушы, PhD докторы Қайрат Құрманбаев, аппарат жетекшісі Рахымжан Әкімбеков, Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, Қызылорда облысының өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы т.б. қатысты.

Кездесу аясында профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди  медресе-колледждің бір топ шәкірттеріне білім алудың артықшылығы мен сахабалардың өнегелі өмірі туралы дәріс оқыды.

Аталмыш медресе-колледждің директоры Талғат Әсембай оқу орнының жұмысы туралы баяндап, оқу ордасының материялдық-техникалық базасымен таныстырды.

Жалпы, медресе-колледжде мемлекеттік үлгіде «Ислам негізінің мұғалімі», «Имам хатиб» біліктілі беріледі. Бүгінде 315 студент білім алуда. Оның  211 ұл, 104 қыз бала. Студенттерге үш мезгіл тамақ, жатақхана, спорт зал, дәрігерлік бөлме, кітапхана т.б. жағдайлар қарастылған. Маман даярлау бойынша облыстық бюджет есебінен 175 шәкіртке арнайы грант бөлінген.

 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін