Ақтөбеде Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

 

Жақында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде өткен жарысқа 50 үміткер қатысып, сайыс шартына сәйкес, Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өзара бақ сынасты.

Додалы бәйгеге ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан бастаған қазылар алқасы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб-имам Қайрат Дәрменов, Ойыл ауданының Бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы, Алға ауданының Бесқопа ауылдық мешітінің Бас имамы Айсұлтан Сапар төрелік етті.

Іріктеу сайысын ашқан өкіл имам Төлеби Дәділұлы Құран Кәрімді ұлықтаудың маңыздылығын айта келіп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Сайыс барысында қатысушылардың Құранды жатқа және тәжуидімен көркем оқуына ерекше мән берілді. Құран жарысының қорытындысында 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған үміткерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Құран Кәрімнің толық 30 парасын жатқа оқу бойынша

І орын – Сейтмаматов Нұрлан Союзмаматұлы.

 

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша

І орын – Бабажанов ӘмірХамза Мұхаммедазимұлы.

 

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша

1 орын – Дәрібай Есет Қуат-бекұлы (15 000 теңге);

2 орын – Өтегенов Есет Болатұлы (10 000 теңге).

 

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша

І орын – Тұрлыбеков Асылхан Нұрмаханұлы (50 000 теңге);

2 орын –Үмбетов Шымболат Әлімқұлұлы (30 000 теңге);

3 орын – Рахымбеков Ақансері (10 000 теңге).

 

Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша

І орын – Дархан Заманбек (70 000 теңге);

ІІ орын – Жетпісов Асылгерей Жеңісұлы (50 000 теңге);

ІІІ орын – Мұстафа Нұрата Кеңқұлаұлы (30 000 теңге),

Орынбай Әсет (20 000 теңге).

 

30-шы парасын жатқа оқудан ынталандыру сыйлығына ие болғандар:

1 . Ерғабыл Нұрбек.

  1. Шәкизада Мұхаммед.
  2. Әбдімәжит Арман.
  3. Құндызбаев Хасан.
  4. Аронұлы Мұхаммед.
  5. Қазиев Дархан.

Ең жас қатысушы: Шәкизада Хабибулла.

Ақтөбе өңіріндегі Құран жарысында жүлделі болған І орын иегерлеріне ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-28 сәуір күндері Алматы қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысына жолдама берілді.

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін