Нұр-Мүбарак университетімен Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше лауазымды орындары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди Солтүстік Қазақстан облысының дін саласына қатысты  лауазымды мекемелерінің өкілдерін қабылдады. Нақтырақ айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, СҚО бойынша ҚМДБ өкілдігі, СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің өкілдері аймақтағы діни ахуал жайлы айта келе ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди мырзаға Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-ғалымдары мен түлектерінің аймақ үшін маңызына тоқталды.

Профессор Мухаммад әл-Жинди мырза да университет жайлы қысқаша таныстырып, болашақ дін мамандарының машықтану жағдайларын да айтты. Кездесу нәтижесінде Нұр-Мүбарак университеті үш тараппен де өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойып, естелік суретке түсті. 

Петропавлдық қонақтар да аймақтық студенттермен жолығып, хал-жағдайларымен де танысты.

     

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін