Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Мүбәрак университеті өзара меморандумға қол қойды

 

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі "Қызылжар" орталық мешіті, Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Алматы қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетімен меморандум жасады.

Аталмыш меморандумда Нұр-Мүбарак университетінің түлектерін, яғни исламтану, дінтану мамандарын Солтүстік Қазақстан облысына жұмыспен қамтамасыз ету жайында шарттары мен талаптары жазылды. "Қызылжар" орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы жастарға ислам жолында қызмет етуге керемет мүмкіндіктерді атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысында исламтанушы мен дінтанушы мамандардың тапшылығы мәселесін шешу жолдары карастырылды.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди қонақтарды жылы қарсы алып,  Ислам дінін кеңінен тарату және дін аралық келісім орнату үшін университет барлық күш салатынын айтып, осы меморандум да болашақта үлкен нәтижесі болатынына сенім білдірді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін