Маңғыстау: Әйелдер жамағаты сенбілік ұйымдастырды

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық мешітінде әйелдер қыздар секторының жетекшісі әрі осы мешіттің ұстазы Г. Жұмағалиева әйелдер жамағатының басын қосып мешіт ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Үрдіске айналған тазалық шарасында қыз-келіншектер ағаштардың күтіміне ерекше мән беріп, түбін әктеп, қобсытып, жеміс ағаштарын суғарды.

Алланың разылығын көздеген әйелдер жамағаты сенбілік шарасына шын көңілдерімен ат салысып, мешіттің ажарын аша түсті.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін