Қостанай: Мешіт қызметкерлері кешенді сынақ тапсырды

Еліміз бойынша мешіт қызметкерлерін аттестациялау Қостанайда өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы А.Әділбаев, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағанбет бастаған комиссия облыс көлеміндегі имамдар мен молдаларға сәттілік тіледі.

Алау Шайхымұлы бұл шараның мақсаты – сынақ, емтихан арқылы қызметтен босату немесе шеттету емес, қазіргі заман талабына сай білікті де білімді кадрларды көбейту екендігін атап өтті.

Нұрбек Әуезханұлы: «Аттестация нәтижесіне қарай қызметкерлер білім деңгейіне сәйкес қызмет атқаратын болады»,-дей келе емтиханның жүргізілу тәртібі мен бағалау критерийлерін түсіндіріп берді.

Сынақтың алғашқы кезеңінде "Ақида", "Фиқһ" және заң сұрақтары бойынша электронды жүйеде тест тапсырып, екінші кезеңде "Құран Кәрім (қирағат, тәжуид)", "Ислам тарихы (алғашқы кезең)" және төрт құжат бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру форматында өтті.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін