Қызылорда: Қарашалаңда жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылдық округі, Қарашалаң ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Енді ауыл тұрғындары қасиетті Рамазан айын жаңа мешітте өткізетін болады.

Жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен салынған жаңа мешітке «Жұмахмет молда» атауы берілді. Сыйымдылығы бірмезетте шамамен 40 адамға дейін құлшылық етуге мүмкіншілік береді.

Ашылу салтанатында қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы М.Үркімбаев Құран Кәрім аяттарын оқыған соң, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы сөз сөйлеп, аймақ халқын берекелі ай қарсаңында еселенген қуаныштарымен құттықтады. Сөз соңында мешіт салушы жомарт жанға алғыс хат табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Мешіттің лентасы қиылған соң, жамағат намаз оқып, Аллаға шүкіршілік айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін