Қызылорда: «Тапқаным берекелі болсын десеңіз...» акциясы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстағы саудамен айналысушы кәсіпкерлерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасымен бастау алған «Тапқаным берекелі болсын десеңіз...» акциясында қала және аудан мешіттерінің имамдары жергілікті жерлердегі базар, дүкендерді және т.б. сауда орындарын жаппай аралау арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтар таратты.

Шара барысында «саудадағы ашықтық», «таразыдан жемеу», «әділ болу», «жеңілдік таныту», «жалған ант-су ішуден сақтану» секілді сауда жасау әдептері мен міндеттерін түсіндіріліп, саудагерлердің сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, «садақаны көбейту», «құлшылыққа мән беру» арқылы ризықты көбейтіп берекелі етудің тиімді жолдары жайлы насихат айтылды.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін