Семейде Рамазан айына байланысты жиын өтті

Семей қалалық Шәкәрім қажы мешітінде аудан-қала имамдарының басын қосқан жиын болып өтті. Онда ҚМДБ-ның Семей аймағының өкілі Алтыбай Мақсат Қуанышұлы жергілікті имамдарды жақында Діни басқармада өткен төралқа шешімдерінен хабардар етті. Діни басқарманың уағыз-насихатты жандандырып, жат ағымдармен күресті ширата түсу мәселесіндегі тапсырмалар берілді.

Әсіресе, діни насихатты бұқаралық ақпарат құралдары мен әртүрлі сайттар арқылы жүргізудің жай-жапсары да тілге тиек етілді. Сонымен бірге, бұл бас қосуда алдағы Рамазан айын қарсы алуға дайындық мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Рамазан айында мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек жасау, мешіт тарапынан ауызашар ұйымдастыру, халық арасында ауызбіршілік, имандылық үгіт-насихатты күшейту. Имамдарға Діни басқарма міндеттерінен туындайтын тапсырмалар беріліп, діни насихатты өрістету маңызды екенін айрықша тапсырылды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін