Павлодар: Өкіл имам тікелей эфирде сұхбат берді

Кеше Павлодар өңірінің өкіл имамы Бертымұратов Жолдас Павлодар қалалық «Ирбис» телеарнасының «Айтарым бар...» бағдарламасының қонағы болып, тікелей эфирде "Зекет, садақа − сауапты іс" тақырыбында  сұхбат өрбітті.

Сұхбат барысында ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қоры, оның мақсаты, төлем терминалдары арқылы онлайн «Зекет» беру жолдары, садақаның түрлері мен зекет берудің мән-маңыздылығына тоқталды. Бүгін де халық арасында көбі садақа мен зекетті шатастырып, зекет жайында нақты біле қоймайды. Осыны ескерген өкіл имам зекет беру әдебімен таныстырып, оның қаншалықты сауапты іс екенін, зекет берген адамның керісінше ризық-несібесі арта түсетіні жайында хабардар етті. Тікелей эфирдегі сұхбат арқылы зекет берудің мәні мен маңызына, нисап мөлшері және шарттары туралы қарапайым халыққа түсінікті тілде әңгіме өрбітті.

Аталған бағдарлама барысында көрермендерден қоңырау арқылы түскен сауалдарға тұщымды жауаптар қайырды.

Сұхбат алдағы күндері эфирде бірнеше рет қайталанатын болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін