Ақтөбедегі сараптау аттестациясы аяқталды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы аптада облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде ақтөбелік имамдардың сараптау аттестациясы өткені белгілі. ҚМДБ тарапынан арнайы құрылған сараптау комиссиясы облыстағы 104 имамды аттестациядан өткізді.

Емтиханды ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Әділбаев Алау қажы, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Н.Есмағанбет, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі С.Шоқанов алды .

Жалпы, Ақтөбе облысындағы діни мамандарды қайта даярлау, кәсібилігін арттыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Мәселен, 2016 жылы облыстағы діни мамандардың 40 пайызы ғана жоғары және орта діни білімді болса, 2016-2018 жылдар аралығында ақтөбелік имамдардың саны – 104-ке жетіп, олардың 70 пайызы жоғары және орта діни білім иелерімен толығып отыр. Оның 4-еуі ғылым магистрі болса, екеуі – магистрант.

Тағы бір игілікті қадам: өткен жылы Ақтөбе облысындағы 11 имам Астана, Алматы, Атырау және Орал қалаларында республикалық діни мамандарды қайта даярлау курсынан өтті. Биыл муфтият Республикалық ақпараттық насихат тобының құрамын толықтырып, РАНТ-қа Ақтөбе облысынан 3 имам ұсынылған болатын. Үшеуі де емтиханды сәтті тапсырып, мүшелікке қабылданды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін