ХАЛАЛ ДАМУ: РЕСЕЙЛІК ХАЛАЛ СҰЙЫҚ МАЙ

Ресейдің оңтүстік аймағындағы Краснодар қаласының Егерухай елді-мекенінде «сұйық май» өнімдерін өндіретін «Мамруко» ЖШС «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.

Май өнімдері нарығында 20 жылдан астам уақыт «Мамруков Майы» атауымен танылған кәсіпорын алыс-жақын шет елдерге 5 өлшеммен (0.5л; 1л; 2л; 3л; 5л) зәйтүн майы, дезодорирленген күнбағыс майы, рафинирленбеген күнбағыс майы секілді 3 түрлі өнімді экспорттайды.

«Мамруко» кәсіпорнында «ҚМДБ халал стандарты» талаптарына сай тексеріс жұмыстарын жүргізген «Халал Даму» ЖШС-ң маманы Т.Орынханов:

«Жоғары сапалы май өнімдерін шығару өте күрделі технологиялық процесс. Өндіріске түскен әрбір күнбағыс дәндері шикізаттың санитарлық құжаттамасына сәйкес сапасы тексеріледі. Себебі, сапалы май өнімін алу ең алдымен шикізат көзіне тығыз байланысты. Зауытқа түскен күнбағыс дәндеріне тазарту және кептіру секілді қосымша технологиялық процедуралар жүргізіледі. Барлық параметрлер бойынша МС (ГОСТ) нормативтеріне сәйкес келген шикізат қана өңдеуге жіберіледі.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес шикізат көзінен 2 түрлі әдіспен май алу тәсілі қолданылады:

1. Пресстеу әдісі;

2. Экстракция әдісі»,-деп жүргізген жұмыс бойынша акт толтырды.

«Мамруко» кәсіпорнында жүргізілген барлық тексеріс жұмыстарының нәтежиесі бойынша аталған мекеме «Халал өнімдерін өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар» 3:2016 стандартына сәйкестігі анықталды.

Тексерістен кейін, «Мамруко» мекемесінің барлық қызметкерлеріне «ҚМДБ халал стандарты» бойынша өнім өндіру тақырыбында оқу-семинары өткізіліп, басшылыққа «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін