Ақжайықтың имам-молдалары аттестациядан өтті

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен облыстық орталық мешітінде БҚО-на қарасты 46 мешіттің 60 астам діни қызметкері (бас имамдар, наиб имамдар, молдалар, азаншылар) аттестациядан өтіп, сынақ емтихандарын тапсырды.

Бес жылда бір рет өтетін бұл аттестасияның мақсаты – еліміздегі дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарынымыздың діни біліктілігін арттыру мен діни білімдерін үздіксіз дамытып отыруға жағдай жасау. Әрі осы сынақ емтиханы арқылы имамдардың өз-өздерін бағалауға, шыңдауға мүмкіндік тудыру. Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы келген таныстырып, аттестациядан өтуші діни қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Аттестацияда Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев төрағалық етті. Сондай-ақ, пәтуа бөлімінің меңгеруші Сансызбай Шоқан, Дін істері және сараптау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбетов аттестациядан өтуші имамдардың білім дейгейлерін тексеріп, бағалады.

Аттестация 2 бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде имамдар компьютерлік бағдарлама арқылы үш бағыт бойынша (ақида, фиқһ, әкімшілік жүйе) әзірленген сұрақтарға жауап берсе, ал екінші бөлімде ҚМДБ тарапынан арнайы бекітілген сарапшы мамандар қойған діни сауалдар мен Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, білім беруді дамытудың тұжырымдамасы бойынша сұрақтарға ауызша жауап беріп, Құранды жатқа оқу сынағынан өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев аттестацияның осымен екінші рет ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, биылғы аттестацияның бір ерекшелігі ретінде, компьютерлік бағдарламада тапсырып, тест сұрақтарынының шектеулі уақыт аралығында жауап берді. Әрі бұл діни саладағы ашықтықты білдіретінін жеткізді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін