БАС МҮФТИ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІНЕ КӨЛІК КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІI Республикалық Құран жарысы жүлдегерлерін марапаттау рухани кеші өтті.

Дін жанашырлары мен демеушілердің қаржылай қолдауымен өткен жүлде қоры 16 млн. теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 558 қари қатысты. Төрт бағыт бойынша бақ сынасқан қарилар Құранның 10 парасын, 20 парасын, қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа айтудын және Құранды мәнерлеп оқудан жарысты.

Игі іс-шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Алла Тағала қасиетті Құранда: «… Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» дейді. Құранды тыңдаудың өзі үлкен сауап. Құран секілді ешқандай кітап жатқа оқылып, насихатталмайды. Құран оқылған, оған амал етілген үйде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Құранды көп оқыған адамның Алла алдында дәрежесі артады», – деп, кеш қонақтарына қасиетті Құранның маңызын жеткізді. Ізгі іске атсалысқан барша азаматтарға, әділ қазы алқасына, қатысушы қариларға алғысын білдірді.

«Ақорда» республикалық қозғалысының төраға орынбасары Қанат Жанатұлы және Алматы қаласы, Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбековтер де ақжарма тілектерін білдіріп, құттықтау сөздерін арнады. Игі шараға мұрындық болған азаматтарға алғыстарын айтты.

Рухани кеште Хазірет Бердіхан, Ерген Айтымбетов, Райым Уайыс сынды өнерпаздар арнау орындап, өздерінің асқақ ән-күйімен көрерменге рухани көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, Құранның хикметтері жайлы бейнеролик көрсетіліп, «Өнер қырандары» театры халық назарына Құран оқудың маңызы жайында ғибратты қойылым ұсынды.

Құран байқауының жүлдегерлеріне марапаттарын елімізге танымал дін және қоғам қайраткерлері табыстады.

4 бағыт бойынша байқау жүлдегерлерінің көрсеткіші мынадай:

30 пара Құранды толық жатқа оқу бойынша:


 

20 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

 

 

10 пара Құранды жатқа оқу бойынша:

 

 

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

 

Сонымен қатар, жарыс жүлдегерлерінен бөлек Құран байқауына қатысқаны үшін 57 қаридың әрбіріне ынталандыру ретінде 50 мың теңгеден сыйақы берілді.




© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін