Ақтөбеде жаңа мешіт құрылысы басталды

Жақында Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің жергілікті имамдармен өткен кездесуінде өңірдегі діни тұрақтылық ахуалы талқыланып, облыстағы 67 мешітте 104 діни қызметкердің халықпен қоян-қолтық жұмыс жасап жатқаны жөнінде айтылған еді.

Соңғы жартыжылдықта облыста 2 мешіт пайдалануға берілді. Нақтырақ айтқанда, Темір ауданының Кеңқияқ ауылынан және Мәртөк ауданының орталығында тұрғызылған жаңа ғибадат орындары бүгінде халыққа тиісінше қызмет көрсетіп отыр.

Сонымен бірге 2018-2019 жылдары жергілікті әкімдік тарапынан Ақтөбе қаласынан жаңадан мешіт салуға 4 жер учаскісі бөлінген.

Міне, сәуірдің соңғы сенбісінде өкіл имам Төлеби Оспан бастаған дін қызметкерлері сол бөлінген жер учаскісінің бірі – Ақтөбе қаласының «Ақжар-2» тұрғын үй алабынан жаңа құрылыстың іргетасын қалап, мешіт салу ісі қолға алынды.

Жаңа ғибадатханының құрылысын жеке кәсіпкер Әйбек Төлебаев пен ақжарлық жамағат жүргізетін болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін