Елордада бой көтеретін жаңа мешіттің құрылыс жобасы талқыланды (ФОТО)

Наурыз айында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев өзі қолымен алғашқы тасын қалаған алып құлшылық ордасының құрылыс жұмысы қазіргі таңда қарқынды жүргізілу үстінде. Жоспар бойынша, қазақ жұртының Бас рухани ордасын тұрғызуға жалпы аумағы 9,4 гектар жер бөлініп, бір мезетте 30 000 жан құлшылық өтей алатын болмақ.

Бүгін ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Жаңа мешітті жобалау тобының отырысы болып өтті. Құлшылық ордасының құрылысына жауапты «Сембол» компаниясының жоба үйлестірушісі Ахмет Орал Тезжан, кеңсе басшысы Айшегүл Эрин, кеңсе сәулетшісі Фидан Желенлер бас қосқан отырыс барысында Наурызбай қажы Тағанұлына жалпы мешіт жобасын таныстырып, бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Төрт маусымды түгел өткеретін қазақ даласындағы табиғат ерекшеліктерінің ғимарат сәніне тигізетін түрлі әсерлері айтылып, осы кезге дейін бой көтерген құлшылық ордаларының артық тұстары мен кемшіліктері де ескерілді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін