Алматы өңірінде мешіт аралық спартакиада өтті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласының «Алмалы» спорт кешенінде ауданға қарасты мешіт имамдары мен белсенді жамағаттардан құралған команда аралық спартакиада өткізілді. Спартакиадаға 10 команда қатысып, құрамалық эстафета, арқан тартыс, асық ату, өгіз тартыс және қаппен жүгіру сияқты спорттың бес түрінен бақ сынасты. Шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, қызметтік ынта-жігерді нығайта түсу, имамдар мен жамағат арасындағы бауырластық қарым-қатынас орнату болып табылады.

Спорттық шараға Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы арнайы келіп, ынтымақ пен бірлік жайлы уағыз айтып, жиналған жамағатты келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Спартакиада нәтижесі бойынша бірінші орынды «Талғар» командасы, екінші орынды «Достық» құрамасы, ал үшінші орынды «Кеңдала ауылдық округінен қатысқан команда иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік кубоктармен, алғыс хаттар және арнайы сыйлықмен марапатталды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін