Талдықорған: Дін мен дәстүр сабақтастығы

Талдыкорған қалалық агротехникалық колледжінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен дін істері басқармасы, ҚМДБ-ның Талдықорған өкілдігімен қабылданған өзара әрекеттестік туралы үш жақты меморандум «Жастар жылы» аясында «ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты жастар арасында дәстүрлі-рухани тәлім-тәрбиені дәріптеу. Алқалы жастар жиынында сөз алған ЖАНТ мүшесі, Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммед жастар тәрбиесі туралы өнегелі сөздерін тілге тиек етті.
Шараға дін және жастар басқармаларының ресурстық орталығының мамандары қатысты. Жиын барысында жастардың көкейтесті сауалдары өзара талқыланып, «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды, ақпараттық парақшалар таратылды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін