Маңғыстау: Әйелдер жамағатына семинар өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйелдер-қыздар секторының жетекшісі әрі ұстазы Г.Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен «Бақытты әйел» тақырыбында семинар- тренинг өтті.

Семинарды мұсылман қыздар арасында аты шыққан коуч-тренер Санира Ошақбаева мен психолог Райля Хусаинова жүргізді. Семинарда «Тартымды, ресурсты әйел», «Махабатқа лайық әйел болудың құпиясы», «Жан тыныштығы неден басталады», «Рухани бай әйел қандай болады» деген тақырыптар кеңінен қозғалды. Сонымен қатар жиналған қыз-келіншектер психологиялық тапсырмалар мен қызықты ойындарға белсене қатыса отырып, өздері отбасы мәселесінде қиын деп жүрген мәселелерді басқа қырынан тани түсті.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін