Талдықорған: Зекет өкілдерінің жиыны өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының 2019 жылғы Рамазан айына орай Қор жұмысын жандандыруға бағытталған кеңейтілген мәжілісі өтті.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлының алғы сөзімен басталған мәжіліс әрі қарай Талдықорған өңірі бойынша шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Өкен Шынарбектің зекет парызына қатысты мәселелерді қамтып, аудандық зекет өкілдерінің тарапынан туындаған сауалдарға толыққанды жауап беруімен жалғасты. Сондай-ақ, аталмыш мәжіліске ҚМДБ тарапынан өңірімізге бекітілген заңгері Сағитжан Дәулетияр мырза да қатысып, заң тұрғысынан туындауы мүмкін мәселелерді тілге тиек етті.

Бұдан соң, Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының жетекші маманы Руслан Мұратұлының дайындаған презентациясы назарға ұсынылып, Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының өкілі Серік Құсайынұлының басшылығымен Қор жұмысының ішкі мәселелері кеңінен талқыланды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін