Қарағанды облыстық мешітінде төралқа мәжілісі болып өтті

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай кезекті төралқа жиыны болып өтті. Аталмыш кездесуде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллинович, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бірінші наиб имамы Кәрсембай Дархан Асылтайұлы және облысқа қарасты қала, аудан имамдары мен ұстаздары, бөлім меңгерушілері қатысты.

Жиында ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Рамазан айына байланысты берген кезекті тапсырмалары назарға алынып, дін қызметкерлеріне алдағы қасиетті айды жоғары деңгейде өткізу сынді бірқатар тапсырмалар жүктелді. Берекелі айда атқарылатын шаралар талқыға салынды.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін