Маңғыстау: Қасиетті Рамазан айына байланысты брифинг өтті

Маңғыстау облысында «Өңірлік коммуникациялар қызметі» залында Рамазан айына байланысты Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков брифинг өткізді.

Брифингкке өңірлік радио, газет және телеарна тілшілері мен БАҚ өкілдері қатысты. Өкіл имам жиында Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы, Маңғыстау облысының діни ахуалы мен облыстағы мешіттер саны, дін қызметкерлерінің саны мен біліміне және мешіттердің атқарылып жатқан жұмыстарына жеке-жеке тоқталып, БАҚ өкілдеріне толық ақпарат беріп, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, мешітте Тарауық намазы оқылған күннен бастап қала тұрғындары үшін мешітте арнайы автобус жүретіндігін, 30 күн оразада ауызашардың ұдайы болатындығын жеткізді.

Жиын соңында өкіл имам барлық кәсіпкерлерге Рамазан айында арақ-шарап сатуды тоқтатуын өтінді.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін