Қостанай: Зираттардың маңы тазартылды

«Өткенге құрмет – елге құрмет» деген үндеуге сәйкес жуырда Қарабалық ауданы «Ғашура ана» мешітінің бастамасымен дәстүрге айналған игі шара биыл да жалғасын тапты. Жақында жергілікті жамағат, мекеме қызметкерлері мен жалпы қарапайым халық бірлесіп ауданда «Зират тазалығы» күнін ұйымдастырды.

Мұсылман әдебінің негізін құрайтын тазалық мәселесіне Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадистерінде айрықша мән берген. Соның ішінде, зират басын қоқыстан тазарту бір жағынан өткенімізді құрметтеу болса, екінші жағынан өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылық жолына тәрбиелейтін маңызды амал екендігі даусыз.

Жиналған көпшілік ата-баба, ағайын-туыстары жерленген зираттардың маңайын тазалап,олардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін