Ақтөбе: 3-пәтер табысталды

Шалқар ауданында «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясы жалғасын тапты. Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұйытқы болуымен және жергілікті жамағаттың қолдауының арқасында шалқарлық бір отбасы баспаналы болды.

Боқай Гүлжанат Маралқызы есімді 5 балалы анаға 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. 3 бүлдіршін мен 2 студент тәрбиелеп отырған ананың жолдасы қайтыс болған.

«Мүфтият қолға алған «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында Қазақстан бойынша 19-пәтер, ал, Ақтөбе облысы бойынша 3-баспана табысталып отыр. Ал, бүгінгі қуанышқа – шалқарлық жамағаттың қолдауының арқасында қол жеткенін айтқым келеді. Қолдап, сауапты іске атсалысқан барша жамағатқа алғыс айтамыз. Жаңа қоныс құтты болсын!»,- деді өкіл имам Төлеби Дәділұлы.

Сондай-ақ, Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің атынан жаңақоныс иелеріне жаңа тұрмыстық техника: тоңазытқыш, кір жуғыш машина және газ плитасының сертификаты табыс етілді.

Құрметті жамағат! Егер Сіздер де «Ел үлесі пәтерге» жобасына үлес қосқыңыз келсе,  ізгі істен шет қалмаңыздар! Мұқтаж жанұяларға баспана алып беру жобасы әрі қарай сәтімен жалғасуы үшін, мешіттерге арнайы жәшіктер қойылған. Сонымен қатар, қор қызметкері Кенжегүл Қошқарованың атынан «Каспий Банктен» арнайы есеп-шот ашылған. Көмек көрсеткісі келетін мына есеп-шотқа қаражат аударуға шақырамыз: «Каспий голд» есеп-шоты: 5169493106731295. ИИН 660121402077.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін