Нұр-Сұлтан: Тарауыққа келген тұрғындарға тегін автобус қызмет көрсетеді

Тарауық намазының алғашқы күні Елорда мешіттерінде намазға келген қала тұрғындарын арнаулы қоғамдық көліктер тегін тасымалдады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан мешіттерінде тарауыққа келушілер қатары молайып келеді. Осы себепті де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі қала әкімдігінің қолдауымен түнгі намазға жиылған жұртшылықтың үйлеріне қайтуына қолайлылық жасау мақсатында арнайы қоғамдық көліктер шығару үрдіске айналған. Еліміздің астанасы Елорда әкімшілігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан игі шара биылғы жылы республикалық «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «Ғылмани», «Ақмешіт», «Ырыскелді қажы» мешіттерінде өз жалғасын табуда.

Бұл мешіттерде автобустар өз бағыттары бойынша 6 мамыр мен 4 маусым аралығында күнделікті қатынайтын болады. Қатынау уақыты:  күнделікті түнгі сағат 01:00-де. Ал, «Нұр Астана» мешітінде Таруық намазының алғашқы күні мешітке келген жамағатты үш автобус үйлеріне жеткізіп салды. Қала тұрғындары бұл іс дән ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтып жатты. Автобустардың бағыт кестесі төмендегідей:


 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін