ШҚО: Өкіл имам тікелей эфирде

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қасиетті Рамазан айына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық «ALTAI» арнасында тікелей эфирде сұхбат берді.

Өкіл имам халықты мүбәрак Рамазанның келуімен құттықтап: «Рамазан айында адам ішіп-жеуден ғана емес, рухани тепе-теңдігін сақтап, жүрегін ізігілік нұрына толтырып, жақсылыққа жақындайды. Бұл оразаның ғибраты. Оразаның өз берекеті бар. Бұл- адамдардың Ұлы Алла Тағалаға деген шынайы сенім және өзара бірлігі, бір-біріне деген шынайы пейілі»,- дей отырып, Рамазанның хикметтрінен тағылымды ғибрат айтты.

Ермек Қасболатұлы сұхбат барысында өңірде қасиетті Рамазан айында атқарылатын шаралар туралы баяндады. Тарауыққа жиналған жамағатты тегін автобус және «Рамазан такси» арқылы тасымалдау шарасы жалғасатындығын айта келе, көптеген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілетіндігін хабарлады.

Сонымен қатар, «Халифа Алтай» мешітінде және өңірдің аудандық мешіттерінде күн сайын ауызашарлар ұйымдастырлып, түрлі діни танымдық рухани шаралар өткізіліп отырғандығын жеткізді.

Өкіл имам облыс тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап беріп, халықты Рамазан айында сауапты істерді көбірек жасап, көмекке зәру отбасыларға қарайласып, Рамазанның жылылығын, мейірімін танытуға шақырды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін