Нұр-Сұлтан: Ораза мәселесі бойынша семинар-дәрістер аяқталды

«Нұр Астана» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай, ораза мәселесі бойынша семинар-дәрістер өткізілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Нұр Астана» мешітінде Рамазан айына дайындық мақсатында фиқһ пәні «Ораза бабын» арқау еткен «Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан» атты 10 күндік семинар-дәрістер өткізілді. Семинар аясында наиб имам Нұрсұлтан Мамедалиев жиналған әлеуметке оразаның дұрыс болуы, заманауи мәселелердің үкімдері, көпшілікті толғандырған түйткілдер бойынша дәрістер оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Рамазан айының басталуымен бұл үрдіс өз жалғасын табады. Ертеңнен бастап күнделікті екінті мен ақшам намаздарының аралығында рухани жан тәрбиесіне қатысты сабақтар өткізіледі. Арнаулы дәрістер аясында, оразаны кемел құлшылық деңгейіне көтеріп, Рамазанның берекетін табуға баулитын рухани тәрбиелік маңызы бар тақырыптар сөз етіледі.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін