Алматы өңірінде "Аналар аманаты" шеберлік сабақтары өтті

Алматы өңірі бойынша облыстық "Қарасай батыр" мешітінде "Аналар аманаты" атты тақырыпта құрақ тігуден шеберлік сабақтары өтті. Қазақстандық танымал дизайнер Ырза Тұрсынзада ханым өткізген шеберлік сабағына 30-дан астам қолөнерші қатысты. Құрақ тігуден тегін сабақтар циклі халықаралық «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумының аясында жалғасуда.

Тегін шеберлік сабақтарының мақсаты - қазақтың ұлттық қолөнер дәстүрін дамыту болып табылады. Бұл жиынға ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, жиналған әйелдер қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.

Ұлағатты іс шара соңында Ырза Тұрсынзада ханым және шеберлік сабақтарына қатысқан қолөнершілер қауымы өз қолдарымен жасаған құрақ көрпелері мен бұйымдарын облыстық "Қарасай батыр" мешітіне сыйға тартты.

 

 

 

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін