БҚО: Жаңа мешіттің қазығы қағылды

Қасиетті Рамазан айында Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепное ауылының жамағаттары қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық жетті.

Жаңа мешіттің алғашқы қазығын қағу рәсіміне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов, аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудан имамы Еркінбек Ебелекқазиев, ел ағалары, ақжаулық әжелер, БАҚ өкілдері қатысты.

Игі шарада облыс имамы Еркебұлан Ыбрайымұлы Құран оқып, дұға жасаса, аудан әкімі Әділ Тауфиқұлы ақтілегін білдірді.

Ислам дінінде мешіт салған адамға о дүниеде де сарай салынатыны айтылады. Ертеңгі күннің қамын ойлап, мешіт салуды ұйғарған абзал жанға тек жақсылық тілейміз. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін