Қызылорда: Өкіл имам тікелей эфирде сұхбат берді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы облыстық "Qyzylorda" телеарнасының "Өмірдің өзі" бағдарламасында Рамазан айына қатысты сұхбат берді. Тікелей эфир барысында Рамазан айының қадір қасиеті туралы түсіндіріп, ораза ұстаушы адамның дәрежесін түсіндіріп берді.
Қасиетті айдың құрметіне орай, Өкілдіктің ұйымдастыруымен аймақ мешіттерінде өткізілетін түрлі форматтағы шаралар мен кез-келген облыс тұрғыны қатыса алатын «Рамазан менің көзіммен» тақырыбындағы үздік жазба «пост» (фейсбук, инстаграм желісінде), «Рамазан – мейірімділік айы» тақырыбындағы үздік видео (инстаграм желісінде), «Сыр Жастары жарысады» Умра байқаулары туралы хабарлады.
Сонымен қатар, облысымызда жүйелі қолға алынған қайырымдылық шараларына тоқталып, ҚМДБ жанынан құрылған «Зекет» қайырымдылық қорының жұмысы және «Ел үлесі пәтерге», т.б. жобалары жайлы ақпарат берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін