Нұр-Сұлтан: «Ғылмани» мешітінде 100 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық ретінде бастау алған «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Көп балалы аналар, асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандар және мүгедек т.б әлеуметтік жағдайы төмен 100 жанұяға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен және демеуші азаматтардың қолдауымен  отбасылық азық-түлік пакеті үлестірілді. Әрбір отбасына (ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер т.б.) табысталды.

Бұрын «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты акция бойынша 20 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілген болатын. Содай-ақ, Бас имам Нұрлан Бекболатұлы «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы Рамазан айы бойы жалғасатындығын және қайрымды да жомарт жандардың аталған шараға атсалысуыға шақыратынын жеткезді.

Көмек алушы отбасылар бұл игі шараның Рамазан айында берілуі ораза құлшылығымызды атқаруға септігін тигізері дей келе, мешіт қызметкерлері мен демеушілерге алғыстарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін