Талдықорған: "Ел үлесі - пәтерге!" жобасы аясында 21-ші баспана

ҚМДБ "Зекет" қорының "Ел үлесі - пәтерге!" жобасы аясында 21-ші баспана Алматы облысы, Ақсу ауданы, Суықсай ауылында тұратын көп балалы Нұрлан және Гүлім Бекжігітовтер жанұясына бұйырды.

Ақсу ауданының бас имамы Анарбай Манбетов және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша "Зекет" қорының өкілі Серік Құсайынұлы Сарымолдаев аталмыш шараның қасында жүріп, қуанышты жайттың куәсі болып қайтты.

Сауапты іске себепкер болған барша бауырларымызға, игі бастамаға атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін